Текст
Биыл Қазақстан Республикасы өзінің 29 Тәуелсіздік жылын атап өтті!
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні-бұл жылдан жылға Елеулі мемлекеттік өзгерістердің жүзеге асқанын айғақтайтын мереке. Мереке қарсаңында біздің мектепте осы мерекеге арналған іс-шаралар өтті. Әр сынып өз бағдарламасын дайындады. Тәуелсіздік күніне арналған сынып сағаттары өткізілді. Тағы бір жақсы жаңалық біздің мектептің мұғалімдері А.Ю.Кравченко – дене шынықтыру және информатика мұғалімі, Н.И.Величко – өзін-өзі тану мұғалімі және ТЖ бойынша оқу ісінің меңгерушісі Біржан сал ауданының білім бөлімінің грамотасымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.