Текст
Заурал негізгі мектебі оқу орыс тілінде оқытылатын мектеп, қазақ тілі сабағында сабақ түрін (ойын, аралас сабақ, дөңгелек үстел,дебат) тиімді қолдану оқушылардың сол тілде сөйлеуге жаттықтырады. Сабақта тиімді қолданылатын ойын элементтері оқушылардың ынтасын арттырып, білім, білік, дағдыларын, іскерліктерін шыңдауға себебін тигізеді. Ойын барысында қолданылатын дидактикалық материалдар оқушыларға түсінікті болса, ойын жақсы нәтиже береді. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі: Сакенова Альбина Булатовна күзгі демалыс күндері ойын арқылы баланың тілге деген қызығушылығын арттыруға бағытталған шаралар өткізді, соның бірі "Емле, дыбыс, әріп әлемі"