Primeminister.kz редакциясы 2023 жылды Қазақстанның түрлі салалардағы даму нәтижелері туралы материалдар сериясымен қорытындылауды жалғастырады.
https://t.me/KZgovernment/8977
📌Бүгінгі шолуда білім беру саласы туралы әңгіме қозғалады. Қазіргі уақытта республикада Мемлекет басшысының барлық деңгейдегі білім беру саласын нығайту жөніндегі бірқатар маңызды бастамалары іске асырылуда.
🏫Биыл ел бойынша 137 мың оқушыға арналған 165 мектеп пайдалануға берілді. Осылайша, 12 апатты жағдайдағы және үш ауысымда оқытатын 29 мектеп бойынша мәселе шешілді.
⚒️ 210 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.
🏗️«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 461 мың оқушыға арналған 217 мектептің құрылысы басталды (екі ауысымда).
✅ Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры құрылған сәттен бастап арнайы шотқа 151,9 млрд теңге түсті.
🟢Нәтижесінде жалпы сомасы 96,5 млрд теңгеге 76,7 мың оқушыға арналған 62 мектептің құрылысы қаржыландырылды. Биылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 28,6 мың оқушыға арналған 17 мектеп пайдалануға берілді.
🍽️ 1 қыркүйектен бастап 1,6 млн бала тегін ыстық тамақпен қамтылды.
✅ Биылғы қаңтар айында мұғалімдердің жалақысы тағы 25%-ға өсті.
✅ Қыркүйек айынан бастап 98 мыңға жуық тәрбиешінің жалақысы 30%-ға артты.
👨🎓 2023 жылы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 88 мыңнан астам грант бөлінді.
👨🎓 1 қыркүйектен бастап студенттердің шәкіртақысы 20%-ға өсіп, 41 898 теңгеге (педагогикалық ғылымдар – 67 200 теңгеге) жетті, магистранттар мен докторанттар шәкіртақылары 15%-ға өсіп, тиісінше 97 024 және 217 500 теңгеге көтерілді.
👨🎓 Колледж студенттерінің стипендиясы 50%-ға көтерілді.
🛏️ Биыл 5,9 мың орынға арналған 25 студенттер жатақханасы пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін 5 мың орындық тағы 19 жатақхана ашу жоспарланып отыр.
🎓 Қазақстанда жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу жұмыстары жалғасуда.
🔗Толығырақ primeminister.kz сайтында.
📱 https://t.me/KZgovernment