Текст
Шарипова Аршагүл Қайыртайқызы 8-сыныпта "Экология және адам"тақырыбында сынып сағатын өткізді. Сынып сағатының мақсаты мен міндеттері: оқушылардың экологиялық қауіпсіздік туралы түсініктерін тереңдету; өзіне және қоршаған әлемге оң көзқарасты қалыптастыруға ықпал ету; экологиялық жауапкершілік, экологиялық сауаттылық сияқты ұғымдарға оң Моральдық баға қалыптастыру; оқушыларды экологиялық іс-шараларға қатысуға, табиғатқа ұқыпты қарауға ынталандыру.