2019 жылдың 29 қарашасында 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты жиын өтті. Оқушылар «Жас Қыран» және «Жас Ұлан» қатарына қабылданды. Іс-шараның мақсаты оқушыларды еліміздің, Қазақстан Республикасының дамуы мен қалыптасуының тарихи оқиғаларымен таныстыру, Президент Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы маңызды рөлін ашу, Президентімізге деген мақтаныш сезімін, патриотизмді, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру болды. «Біздің президент таңғажайып тағдырмен» атты сынып сағаттары өтті. Сынып сағатында оқушылармен пікірталастар өткізілді, барлық балалар викторинаға белсенді қатысты, Президент туралы слайд-презентацияны көрді, Отанымыз туралы өлең оқыды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы кітаптар көрмесі өтті.