Текст
"Отбасы-тәрбие басы, мектеп – тәрбие жаршысы" тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өтті. Сынып сағатын өткізудің мақсаты – отбасы тәрбиесі мәселелерін өзектендіру, оқушылардың отбасы туралы білімдерін кеңейтуге ықпал ету, отбасының әрбір адамның өміріндегі маңыздылығын анықтау, баланың жеке тұлғасын қалыптастырудағы отбасының рөлін арттыру, оның патриоттық дүниетанымын арттыру. Сынып сағаты: пікірталас, әңгіме, интерактивті формалар түрінде өткізілді.