12 сәуір Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 20 қазандағы №164 Жарлығымен "Ғылым қызметкерлері күні" болып белгіленді. Бұл тарихи мереке Қазақ КСР Ғылым Академиясының тұңғыш президенті – академик Қ.И.Сәтбаевтың туған күніне орайластырылды. Қаныш Имантайұлы Сәтпаев Қазақстанда ғылыми қызметті ұйымдастырудың бастауында тұрды, өзінің бүкіл өмірін ғылымға және оның туған елдегі дамуына арнады.
Ғылым ел экономикасының дамуында үлкен рөл атқарады. Ғылымсыз, жаңа технологиялар мен білімді енгізусіз, цифрландырусыз, біз көріп отырғанымыздай, экономикада да, әлеуметтік салада да табысқа жету мүмкін емес. Ғалымның еңбегі-бұл әрқашан қызықты, қиын жұмыс, ол барлық уақытта құрметке бөленеді. Сіз өз еңбегіңізбен, энергияңызбен және ынта-жігеріңізбен ғылымның дамуына баға жетпес үлес қосасыз.