Текст
"Заурал ауылының НОМ" КММ қантар айының 31 күні Ахмет Байтұрсынұлының 150-жылдық мерей тойына арналған он күндік, ашылу салтанатын мектепшілік дебат турнирімен атап бастадық.
Жиналған командалар әдемі ойын өрнегін көрсетті. Дәлірек айтсақ, 8 сынып – «Ащы дәлел», 9 сынып – «Алаш жастары» командаларының қатысуымен өтті. Жетекші қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі – Сакенова А.Б. Ойыншылар еліміздегі түрлі проблемаларды қозғай отырып, қайсар қазақ екенімізді ұмытпауды, еліміздің дамуына жастардың тікелей әсері барын эмоцяаға толы пікірталаста дәлелдеп берді.