Мемлекет басшысының тапсырмасы сәйкес 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап балабақшалар, мектептер мен колледждердегі дене шынықтыру мұғалімдерінің айлығына жаңа қосымша ақы тағайындалады.
🏀 Енді дене шынықтыру мұғалімдерінің еңбекақысына ай сайын 17 697 теңге төленетін болады.
Осы ретте дене шынықтыру мұғалімдерінің функционалы кеңейіп отыр.
🏀 Мұғалімдер әдетте өткізетін дене шынықтыру сабақтарынан бөлек, қосымша спорттық-сауықтыру сабақтарын, яғни секциялар өткізетін болады.
🏀 Әр мұғалім қосымша секциялық сабақтар өткізеді, сәйкесінше балалар мектептегі қажетті жабдықтарының болуына байланысты түрлі спорт секцияларына қатыса алады.
🏀 Балаларды спорт секциялары арқылы қосымша сабақтарға тарту – салауатты өмір салтын қалыптастыру, білім алушыларды спортқа баулу және олардың денсаулығын нығайту бойынша берілген Мемлекет басшысы Қ.К.Токаевтың тапсырмаларының шеңберінде басқа да кешенді шаралар қабылданады.
@edu_news_qz